Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен ЕО өкілдерін қабылдады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Иран мен ЕО өкілдерін қабылдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні кешкісін Иран Ислам республикасы жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалилиді қабылдады

167 0


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні кешкісін Иран Ислам республикасы жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалилиді қабылдады деп хабарлайды президенттің ресми сайты.

Саид Джалили бүгін Алматыда өтетін Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес ел және Германияның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қатысады.

Назарбаев кездесуде аталған мәселеде біршама жетістікке қол жетуден үмітті екенін білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса Алматыдағы резиденциясында келіссөздерге қатысуға келген Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды да қабылдады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!