Қазақстандықтардың басым бөлігі ауырмауға немесе өздігінен емделгенді жөн көреді

Фотография - Қазақстандықтардың басым бөлігі ауырмауға немесе өздігінен емделгенді жөн көреді

Today.kz  жүргізген онлайн сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі отандық медицинаға сенбейді, сондықтан шет елде емделгенді немесе өздері ем-дом қабылдағанды жөн көреді

279 0

Today.kz  жүргізген онлайн сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі отандық медицинаға сенбейді, сондықтан шет елде емделгенді немесе өздері ем-дом қабылдағанды жөн көреді.

Өткен аптада , «Қазақстанның Денсаулық сақтау министірлігі еліміздің әрбір алтыншы азаматы денсаулық сақтау жүйесіне көңілі толмайтындығын мойындады. Ал Сіз қалай ойлайсыз және қайда емделгенді жөн көресіз» деген сауалнама жүргізген болатынбыз.

Жауап берушілердің екі пайызы немесе алты адам «отандық денсаулық сақтау жүйесі жоғары деңгейде» деп жауап берсе, шет елде емделгенді дұрыс көретіндер 14 пайызды, яғни 42 адамды құрады. 30 пайызы немесе 90 адам өздігінен емделетіндердің қатарынан болып шықты. Ал, 97 адам болмаса сауалнамаға жауап бергендердің 55 пайызы мүлдеп ауырмауға тырысады екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!