Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдар жабылды

Фотография - Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдар жабылды

Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды.

233 0

Боранға байланысты екі облыстың аумағындағы республикалық жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды.

Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Ақмола облысында бүгін сағат 10.45-тен бастап қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектеулігі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-205 шақырымындағы «Астана қаласы-Павлодар облысының шекарасы» аралығында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ал Павлодар облысы аумағында  автокөліктің барлық түрлері үшін бүгін мына жолдардың учаскелері  жабылды:

сағат 10.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1260 шақырымындағы «Қарағанды облысы - Қалқаман ауылы» аралығы;

сағат 10.30-дан бастап «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымындағы «Ақмола облысы - Шідерті» аралығы.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілік етуде.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!