Қырғызстандық кәсіпкерлер Қазақстанның кеден бекеттерінен салық төлемей өтіп келген

Фотография - Қырғызстандық кәсіпкерлер Қазақстанның кеден бекеттерінен салық төлемей өтіп келген

 Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

151 0

Кеше Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Айша бибі» кеден бекетінде Қырғыз Республикасының ауылшаруашылық өнімдерін облыс орталығына тасымалдаушылар негізсіз шу шығарып,

бекеттегі тәртіптің тыныштығын кетірді. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, бекет қызметкерлері Тараз қаласына күнделікті алма мен картопты тасымалдайтындар оларды өз қажеттіліктеріне емес, коммерциялық мақсатта жеткізетіндігін анықтады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бекеттегілер олардан тауарларын заңды түрде ресімдеп өткізулерін талап етті.

Осыған дейін қырғыз азаматтары тонналаған картоп пен алманы Қырғыз елінің кеден шекарасынан кедергісіз өткізіп, Қазақстанның бекетіне жетпей оларды әр автокөлікке бөліп, туған-туыстарына сыйлық ретінде әкеле жатқанын айтып өтетін. Кейін ауылшаруашылық өнімдерін Тараз қаласының сауда нүктелерінде көтерме бағамен сатып отырған.

Әшкере болған көрші елдің азаматтарына тауарды жеке пайдалану үшін айына бір рет өткізуге рұқсат етілетінін, одан көп болған жағдайда заңнама талаптарына сай кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге міндетті екендіктері түсіндірілді.

«Қазақстанның бұл заңнамасына бағынғысы келмеген Қырғыстан азаматтары өнімдерін кері алып кетіп, «қазақтарға алма мен картоп қажет болса, Қырғызстанға кіріп алсын дегенді» айтып, Қырғызстандағы «Чон-Капка» кеден бекетінің қасындағы «Керуен» базарында екі тәулікке жуық тұрды. Қазақстанға тауарларын заңды ресімдеп өткісі келгендердің өзіне кедергі келтіреді. Бірақ, қазіргі ауа райының біртіндеп жылуына байланысты өнімдерінің бұзылатынын түсінген қырғыздың тауар тасымалдаушылары пайдасыз ерегістен гөрі тауарларын заңды ресімдеп кіргізуді жөн санады», - делінген хабарламада.

Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек, 11 ақпан мен 18 ақпан аралығында бекет арқылы 48 автокөлікпен 293 тонна картоп пен алма ресімделіп, ел бюджетіне 2 085 280 теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті. Ал 2 тәулік өтпей, тауарлары текке тұрып қалған тасымалдаушылар 25 ақпанға дейін 200 автокөлікпен 646 610 тонна алма мен 405 820 тонна картопты заңды ресімдеп, ел қазынасына 7 329 000 теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсірді.


Тегтер:

қырғызстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!