ШҚО-да ядролық отын банкі салынбайтын болды

Фотография - ШҚО-да ядролық отын банкі салынбайтын болды

Шығыс Қазақстанда халықаралық ядролық отын банкі салынбайды

291 0

Шығыс Қазақстанда халықаралық ядролық отын банкі салынбайды. Өңірдің жоғары сейсмикалық жағдайына байланысты Үкімет аталмыш жобаны жүзеге асырмайтын болып шықты. Бұл туралы «Қаз Тагқа» сілтеме жасап Астана телеарнасы хабарлады.

Облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының баспасөз қызметі: «Халықаралық талаптарға сай, жер сілкінісі жиі болатын аймақта мұндай нысан салуға тиым салынады», деген. Сондай-ақ, «Үлбі» металлургиялық зауытының басшылығы аз байытылған уранды сақтау үшін, өз қоймаларын кеңейтуге келіспегендігін айтқан.


Еске салсақ, былтыр шілде айында «Үлбі» металлургиялық зауты МАГАТЭ-нің жобасын жария еткен болатын. Оған сай, зауыт аумағында 60 тоннаға дейін аз байытылған уранды сақтау көздеген. Ол, ядролық отынмен атом энергетикасын дамытуды қалайтын елдерді қамтамасыз ете алады. Аталмыш жоба сынға ұшырап, жергілікті тұрғындардың қарсылығын туғызған еді.

 


Тегтер:

өндіріс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!