Ұлыбритания соты Аблязовқа тиесілі электронды БАҚ-пен келісім жасауға шектеу қойды

Фотография - Ұлыбритания соты Аблязовқа тиесілі электронды БАҚ-пен келісім жасауға шектеу қойды

Ұлыбритания соты Аблязовқа тиесілі электронды ақпарат құралдарымен келісім жасауға шектеу қойды. Қазақстандағы «БТА банкі» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасына қарсы Британия сотына шағым түсірілге.

333 0

Ұлыбритания соты Аблязовқа тиесілі электронды ақпарат құралдарымен келісім жасауға шектеу қойды. Қазақстандағы «БТА банкі» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасына қарсы Британия сотына шағым түсірілген

Нәтижесінде Ұлыбританияның жоғарғы соты қандай-да мәмілеге тыйым салынған компаниялар тізімін кеңейтті. Қара тізімге Kplus-tv.net, stan.tv, Respublika-kz.com. сияқты ғаламтор-домендер ілікті. Бұған дейін Қазақстан сотының шешімімен «К-плюс» телеарнасының хабар таратуына тыйым салынған. Республика аумағы бойынша Stan.tv ғаламтор-порталының ақпарат алмасуы да заңсыз деп табылды. «Республика» және «Взгляд» газеттерінің қызметіне де шектеу қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Аблязовқа қатысты қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған болатын. Кейін Мұхтар Аблязов елден қашып, британ елінде тұрған. Шетелді бой тасалаған кәсіпкер өзіне қатысты айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеген. Аблязовқа қатысты қылмыстық іс Ресейде де қозғалып, сырттан жаза кесілді. Ал, Қазақстан тарапы «қашқын кәсіпкерді» қайтаруды талап етуде. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!