Храпуновтың Қазақстанға қайтып оралмақ ойы бар

Фотография - Храпуновтың Қазақстанға қайтып оралмақ ойы бар

Қазақтың байлығын ұрлап, Швейцарияда шалқып жүрген Виктор Храпуновтың елге қайтпақ ойы бар

256 0

Қазақтың байлығын ұрлап, Швейцарияда шалқып жүрген Виктор Храпуновтың елге қайтпақ ойы бар. Бұл туралы қашқын шенеунік «Уральская неделя» басылымың тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді

Түйені түгімен жұтқан жемқордың қоры сарқыла бастады ма, әлде құрығы қысқа құзырлы органның шамына тигісі келді ме, әйтеуір Алматының экс-әкімі «Отанымды сағындым» деп мысқылдапты. Тіпті «Қазақстанның көштен қалып келе жатқанын көріп жүрегім ауырады, сондықтан елге оралсам саясатқа араласуым да әбден мүмкін» деген. Алатау бөктеріндегі жерді гектарлап сатып, 300 млн доллармен Альпі асқан Храпуновқа қазір халықаралық іздеу жарияланған. Еліміздің құқық қорғау орындары экс-шенеунікке қатысты 20 қылмыстық іс қозғады. Алайда, осы уақытқа дейін Храпунов пен оның ұл-қыздарының Женевадағы зәулім үйлеріне тамсана қарап, банктегі есеп-шотын жарыса жариялағаннан өзгеге шамамыз келер емес. 


Тегтер:

храпунов

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!