Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан өзге елдерге үлгі болуы тиіс

Фотография - Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан өзге елдерге үлгі болуы тиіс

 Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Иранға Қазақстанды үлгі етіп, ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

279 0

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Иранға Қазақстанды үлгі етіп, ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жиында The Christian Science Monitor тілшісі Скотт Петерсон мәлімдеді.

«Қазақстан Кеңес үкіметі құлаған соң, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан ел ретінде келіссөздерге сүбелі үлесін қоса алады деп ойлаймын. Америка және Еуропа елдері Қазақстанды - ядролық қарусыз әлем саясатын ұстанып отырған ел деп біледі» деді С.Петерсон. «Иран біз берген кеңеске құлақ асады деп ойлаймыз» деп қосты ол.

Сондай-ақ, америкалық тілші Иран мен «алтылық» елдерінің арасында келіссөздердің осымен төртінші рет өткізіліп отырғанын айтып, айтарлықтай нәтижесі бола қоятынына сенімсіздік танытып отыр.

«Екі тарап арасында белгілі бір прогресс байқалғанымен, бұл елдер әлді де бір-бірін түсіне қоймаған тәрізді. Иран өз ойынан айнымай, саясатын берік ұстанып отыр. Бұл жерде қай тарап бірінші болып әрекет ететіні емес, нәтижесінде қандай мәмілеге келетіні маңызды» деп түйіндеді С.Петерсон

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер басталып, мәселені талқылауға отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат өкілдері бас қосқан болатын.


Тегтер:

ядро

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!