Иранға қатысты келіссөз бүгін қайта жалғасты

Фотография - Иранға қатысты келіссөз бүгін қайта жалғасты

Алматыда Ираның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер бүгін қайта жалғасты.

172 0

Алматыда Ираның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер бүгін қайта жалғасты.

Бүгін таңертең Иран жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Жалили келіссөздерді жүргізіп жатқан Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездескен.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысып жатыр. Келіссөздер кеше, 26 ақпанда Rixos қонақүйінде басталған еді.

Келіссөздердің алғашқы күні ЕО Иранға жаңа ұсыныс жасаған еді. Бүгін Иран тарапы ол ұсынысқа қатысты өз жауабын береді деген болжам бар. Тегеран да келіссөздерге жаңа ұсыныстармен келгенін білдірген. Бірақ ол ашып айтылмады.


Тегтер:

Иран ядролық

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!