Мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де салмақ салады

Фотография - Мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де салмақ салады

Мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де әжептәуір салмақ салатынын естен шығармауымыз қажет.

200 0

Мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де әжептәуір салмақ салатынын естен шығармауымыз қажет.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Қуаныш Сұлтанов осылай мәлім етті.

Депутаттың айтуынша, еңбек саласындағы көші-қон мәселелері халықаралық, әлемдік дәрежедегі бірден бір маңызды құбылыстарға айналып отыр. «БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қарарымен қабылданған еңбек мигранттарының және олардың отбасы мүшелерінің құқын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сәйкес, еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері өз мемлекетімен қоса қай мемлекет болса да еркін түрде тастап кетуге құқылы. Олардың бұл құқы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық пен қоғамның өнегелілігін қарастыратын заңдардан бөлек, ешбір шектеуге тән емес. Сондықтан да, заң жобасының басты мақсаты мигранттық қозғалыстарының заңсыздығын төмендету, олардың мақсатын анықтау және адам құқығын бұзбастан мемлекет үшін олардың да қозғалысын тиімді пайдалана білу болып отыр», - дейді Қуаныш Сұлтанов.

Бұл ретте жылдан жылға Қазақстанға шетелден келіп, заңды да, заңсыз жұмыс істеушілердің саны артып отырғанын айтқан депутат, жаһандық үдерістерді ескере отырып, бұндай лектің төмендемейтінін, керісінше өсе түсетінін еске салып өтті.

Оның айтуынша, бұл табиғи дүние, өйткені болашақтағы Қазақстан экономикасының өркендей түсуі көршілес жұртты қызықтыра түсуі әбден анық.

«Алайда, мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де әжептәуір салмақ салатынын естен шығармауымыз қажет. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылы 1 млн. 400 мыңға жуық шетелдік тіркелген. Кейбір жылдары бір реттік акция тұсында немесе 4-5 ай көлемінде 170 мыңға жуық шетелдік заңдастырылған. Мұндай науқандық шара кезінде шетелдіктер үшін де, өзіміз үшін де ыңғайсыз әрі қажетсіз жайттар көп туындайды. Әсіресе, дәл осы науқандар тұсында шақырылатын адаммен сыбайластық байланысқа түсу мүмкіндігі де артатыны белгілі», - деді Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қоса, депутат елімізде еңбек етіп, жалақы алып, бюджетке тиісті салық төлемін өтемейтін шетелдіктердің де аз емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, сыртқы көші-қонға қоса капиталдың сыртқы ағынын ескерсек, бұндай көші-қонның экономикалық, қаржылық қаупі де байқалады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!