5 мың мемлекетттік қызметші Астанадан аймақтарға жіберіледі

Фотография - 5 мың мемлекетттік қызметші Астанадан аймақтарға жіберіледі

5 мың мемлекетттік қызметші Астанадан аймақтарға жіберіледі.

140 0

5 мың мемлекетттік қызметші Астанадан аймақтарға жіберіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғұбайдолла Әбдірахымов мәлімдеді.

«Биылғы жылы өкілеттіктің ауқымды бөлігі орталықтан аймақтарға берілетін болады. Сонымен қатар, ауыл әкімдерінің аппаратын құру үшін 5 мың бірлік штат орталық органдардан жергілікті органдарға беріледі. Сіздер білесіздер, ауыл дегенміз халықпен тығыз байланыс жасалатын жер», - деді Әбдірахымов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы жиында.

Оның айтуынша, орталықтан мамандардың ауыстырылуы іссапарға жіберу ретінде жүргізілмейді.

«Бұл жерде мамандар іссапарға жіберілмейді, өйткені бюджет басқа. Біз министірліктерден штаттық бірліктерді алып, оны әкімдерге береміз. Қазір жұмыс істеп жатқан адамдар зардап шекпейтіндей жасауға тырысудамыз», - деді ол.

Айта кету керек, бүгін Ғ.Әбдірахымов ауыл әкімдерін сайлау науқаны Қазақстанда тамыз айында өтетінін мәлімдеді.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!