СҚО-да облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - СҚО-да облыс әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров жиын өткізіп, облыс әкімінің аппаратына тағайындалған жаңа басшы Владимир Дудовты таныстырды.

154 0

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров жиын өткізіп, облыс әкімінің аппаратына тағайындалған жаңа басшы Владимир Дудовты таныстырды.

Ол бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

В.С. Дудов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының бақылау және ұйымдастыру, кадрлық жұмыс бөлімінің бас маманы, бастығы болды. 2009 жылы СҚО әкімінің бас инспекторы қызметіне тағайындалды. 2010-2011 жылдары - СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2011-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы, бас инспекторы лауазымын атқарды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен «орталық-өңір» және «өңір-орталық»  ротациясының аясында бұған дейін бұл қызметті атқарған Асқар Бегманов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы  болып тағайындалды.


Тегтер:

тағайындау

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!