Халықаралық тасымалды жасауға рұқсат бланкілері электрондық жүйе арқылы беріледі

Фотография - Халықаралық тасымалды жасауға рұқсат бланкілері электрондық жүйе арқылы беріледі

Халықаралық жүк тасымалын жасауға асыруға рұқсат беретін бланкілерді бөлудің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды

205 0

Халықаралық жүк тасымалын жасауға асыруға рұқсат беретін бланкілерді бөлудің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы  ҚР Көлік және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінен хабарлады.  Сол себепті де өзімнің бүгінгі мақаламды осы бір инновациялық шешімге арнауды жөн көрдім. Осыдан бір жыл бұрын көліктік бақылау саласындағы мәселелер туралы айтқан кезімде,  бұл тақырыпқа тоқталып өткен едім. Сол кездегі идея бүгінде – толыққанды жұмыс істеп тұрған және өзінің тиімділігін дәлелдеген жүйе.

Автоматтандырылған жүйенің жұмысы туралы айтпас бұрын, мәселенің мән-жайына  тоқталып өтейін. Бір елден екінші бір елге  жүкті тасымалдау үшін көліктік бақылау саласындағы   уәкілетті органнан арнайы рұқсат бланкін алу қажет. Мұны барлық халықаралық тасымалдаушылар біледі. Осылайша, мемлекет өз тасымалдаушыларының құқығын қорғайды.

Бүгінгі күні Қазақстан мен Қытай елі арасындағы тауар айналымы ауқымының ірілігін ескерсек, тасымалдаушылар арасында ҚХР-на және ҚХР-нан жүк тасымалдауға берілетін бір жолғы рұқсат бланкісі ең жоғары сұранысқа ие. Жыл сайын біздің елдер орташа есеппен 35000 рұқсат бланкісімен  алмасады. Бірақ мұның өзі жыл соңына дейін жетпейді. Оған себеп – бизнес - процестің  ашық жүргізілмеуі және жетілдірілмегендігі. Сол себепті де кейбір тасымалдаушыға тиісті көлемнен артық берілді, енді біреуіне аз берілді, ал үшіншісі тіпті, тамыр-таныс арқылы қол жеткізсе, төртіншісі делдалдардан сатып алды, дегендей әңгімелер айтылып жатады.  Жасыратыны жоқ, біз өзіміз де көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің бланкілерді әділ бөлетіндігіне күмәнмен қарадық.

Мұндай күмән тудыратын жағдайларды болдырмау мақсатында, Мемлекет басшысының рұқсат құжаттарын автоматтандыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында рұқсат құжаттарын берудің жаңа механизмі әзірленді. Ендігі жерде рұқсат бланкілерін электрондық жүйе бөлетін  болады. Және аталған рұқсат құжатын алуға өтініш тек электрондық үкіметтің порталы арқылы ғана беріледі. Ол үшін тасымалдаушының көліктік инспекцияға өтінуінің қажеті  болмайды. Тасымалдаушыдан өтініш келіп түскен бойда ол автоматты түрде өңделіп, «Көліктік деректер базасы» жүйесіндегі ақпаратпен сәйкестендіріледі және тасымалдаушыға тиісті рұқсат құжат саны  бір көлікке 2 бланк есебімен белгіленеді. Инспекторлардың міндеті – бланкіні толтырып,оны ХҚКО-на жіберу. Тасымалдаушы өзінің рұқсат құжатын ХҚКО-нан  алып кетеді. 

Осылайша, біз шенеунік пен кәсіпкердің өзара  жүздесуін болдырмаумен қатар, қызмет көрсету мерзімін 4 күннен 2 күнге дейін қысқартып отырмыз.

Тағы бір маңызды мәселені атап өткенім жөн. Егер көлікке бұрын рұқсат құжаты берілген болса, пайдаланылған рұқсат құжатын көлік инспекциясына қайта тапсырмайынша, жүйе жаңа рұқсат қағазын бермейді.

Жаңа бланкілер туралы айтатын болсам, тасымалдаушы пайдаланылған рұқсат бланкісін тапсыруға міндетті. Бұған қоса, ол жаңа бланкі ресімделу барысында  екінші бланкімен тасымалды тоқтатпай тағы бір рет  рейс жасай алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!