Қазақстан мен Тәжікстанның астаналары арасында авиақатынас ашылады

Фотография - Қазақстан мен Тәжікстанның астаналары арасында авиақатынас ашылады

Қос елдің авиация саласындағы билік органдарының Душанбеде өткен екіжақты кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді.

343 0

Қос елдің авиация саласындағы билік органдарының Душанбеде өткен екіжақты кездесуінде осындай келісімге қол жеткізілді. Бастапқы кезеңде Астана-Душанбе бағыты бойынша аптасына 2 рейс жасалатын болады, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы ТМД елдерінің астаналары арасында авиақатынастарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын.

Қол жеткен келісімдер нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанның авиатасымалдаушылары өз таңдауларына байланысты Қазақстанның кез-келген халықаралық әуежайынан Тәжікстанның 4 қаласы, яғни Душанбе, Худжанд, Қорған-Төбе және Куляб қалаларына тұрақты рейстер орындай алады. Дәл осындай тәжік тасымалдаушылары Астана, Алматы, Тараз және Шымкентке ұша алады.

Бұған дейін тұрақты ұшулар Алматы-Душанбе бағыты бойынша ғана болатын. Қазақстан мен Тәжікстан аралығындағы ұшу географиясы мен жиілігін кеңейту туралы келісу екі елдің әуе қатынасы жөніндегі 2007 жылғы үкіметаралық келісім аясында қол жеткізілген болатын.


Тегтер:

әуеқатынас

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!