Қызылорда қаласының әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Фотография - Қызылорда қаласының әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

304 0

Қызылорда қаласы әкімдігінде бірқатар тағайындаулар болды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руслан Рүстемов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1968 жылы Қармақшы ауданында туған. Жоғары білімді. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген.

Мұрат Тілеуімбетов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1963 жылы Арал ауданында туған. Жоғары білімді. 1985 жылы Жамбыл гидро-мелиоративтік құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Нұржан Ахатов қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Ол 1978 жылы Шиелі кентінде туған. Жоғары білімді. 1999 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

  Мұхамедиса Әлсеріков Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Ол 1962 жылы Өзбекстан Республикасы, Ферғана облысында туған. Жоғары білімді. 1986 жылы Ферғана политехникалық институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Басқа қызметке ауысуына байланысты Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарлары Төрәлиев Ерлан Кәрімбекұлы мен Шынтасов Жасұлан Қанибайұлы, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы Сыздықов Пірмұхаммед Айтбайұлы өз қызметтерінен босатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!