Балалар үйі сияқты мекемелер жетімдерді қорғай алмайды

Фотография - Балалар үйі сияқты мекемелер жетімдерді қорғай алмайды

Бүгінде балалар үйі сияқты мемлекеттік мекемелерді жетімдердің құқықтарын қорғау формасы ретінде қарастырған дұрыс емес

252 0

Бүгінде балалар үйі сияқты мемлекеттік мекемелерді жетімдердің құқықтарын қорғау формасы ретінде қарастырған дұрыс емес. Бүгін Астанада басталған «Сәбимен кірер шаңырақтың сәні» атты азаматтық форумда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәдени-әлеуметтік даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осылай айтты.

Оның айтуынша, жетім қалған балаларды қорғаудың бүгінгі жүйесі тиімсіз. «Өкінішке қарай, бұл жүйе жұмыс істемейді. Оның мемлекетке, қоғамға және балаларға әкелер пайдасы жоқ. Мәселен, қазіргі кезде балалар үйінде тәрбие алғандардың арасында нашақорлар немесе өз-зіне қол жұмсауға даяр тұратын жасөспірімдер көптеп кездеседі. Негізі, бүгінгі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалар құқықтарын қорғау мәселесі туралы айтқан кезде, олардың өмір сүруіне қажетті жағдайдан бөлек проблемалар көтеріледі. Ал балалар үйі сияқты мекемелер зорлық-зомбылық ошақтары ретінде қарастырылады. Сол себепті біз жетімдерді балалар үйінде ұстап, олардың құқықтарын қорғай аламыз деп айта алмаймын. Қазақстанда баланы асырап алу, қамқорлық пен патронат сияқты альтернативті жолдар бірінші орынға шығуы қажет», - деп атап көрсетті Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева атап көрсеткендей, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 36,8 мың жетім бала бар. Олардың 21,6 мыңы қамқорлыққа алынса, 2,3 мың бала патронаттық тәрбиеде жүр. «Демек, жетім балалардың жартысынан көбі отбасы жағдайында өсіп келеді. Алайда мемлекеттік мекемелерде шамамен 13 мың бала қалып отыр. Бұл - 13 мың тағдыр, 13 мың қиылған өмір», - дейді Д.Назарбаева. Бүгінде сарапшы-мамандардың айтуынша, балалар үйі сияқты мекемелерден шыққан жетімдердің басым бөлігі өмірге бейімделе алмай, ұлдар қылмысқа ұрынса, қыздар «түнгі көбелектерге» айналады.


Тегтер:

балалар үйі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!