Ана мен баланың әлеуметтік жағдайы жақсармақ

Фотография - Ана мен баланың әлеуметтік жағдайы жақсармақ

Бұдан былай ана атанып, дүниеге бала әкелем дейтін әйелдер ойланбастан еңбек демалысына шығуына болады

316 0

Бұдан былай ана атанып, дүниеге бала әкелем дейтін әйелдер ойланбастан еңбек демалысына шығуына болады. Өйткені, еңбек демалысына шыққан әйелдерге мемлекет тарапынан ғана емес, жұмыс беруші тарапынан да әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінде өткен әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезектен тыс отырысында баяндалды

Заң бойынша бұрын тек мемлекет қана жәрдемақы төлейтін. Енді жәрдемақының жарты сомасын жұмыс беруші төлейтін болады.

2013 жылғы 25 ақпанда Үшжақты келісімнің IV бөлімінің 4.7. тармағына өзгерістер енгізілгенін айта кету керек. Оған сәйкес, жүкті, босанған немесе бала асырап алушы әйелдердің демалыс ақысын төлеудің әлеуметтік маңызы ескеріліп, ұтымды тұстары артты.

Мұндағы басты мәселе – жәрдемақының көлемі мен төлену уақытында болып тұр. Оның үстіне, мемлекеттік және жеке меншік жұмыс берушілер бар. Бірақ, тәртіп біреу. Сондықтан барлық жұмыс беруші мекемелер бақылауда болады.

Сонымен, ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекет ең төменгі жалақы көрсеткішінің он еселенген сомасын, ал, жұмыс беруші Еңбек шартында көрсетілген сомаға байланысты жәрдемақының қалған бөлігін төлейді.


Тегтер:

бала ана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!