Еліміздегі шенеуніктердің жақын туыстарының дерекқоры жасалады

Фотография - Еліміздегі шенеуніктердің жақын туыстарының дерекқоры жасалады

Бағдарлама жобасы аясында шенеуніктердің жақын туыстарының дерекқорын жасау ұсынылды.

153 0

Бұл туралы сенат депутаты Оралбай Әбдікәрімов қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында мәлімдеді.

Бағдарлама жобасы аясында шенеуніктердің жақын туыстарының дерекқорын жасау ұсынылды. "Протекционизмнің алдын-алу мақсатында еліміздегі лауазымды тұлғалардың жақын туыстары жайлы мағлұмат жиналатын ортақ электронды база құру қажет",-деді Әбдікәрімов.

Сондай-ақ, жемқорлыққа тәуекелі жоғары мемлекеттік қызмет орындарының кандидаттарын қатаң түрде бақылауға алып, тіпті полиграф арқылы тексеру қажеттігі айтылды.

"Әрбір басшы қол астындағы қызметкері "пара алды" деп айыпталған жағдайда, өз еркімен жұмыстан кету туралы арызға қол қоюы қажет. Бұл норма заң бойынша тіркелгені абзал", - деп түсіндірді ол.

Әбдікәрімов "Нұр Отан" өз тарапынан барлық мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен дүние мүлкі жайында ақпараттардың БАҚ беттерінде жариялануын қадағалайтынын баса айтты. Сенатор сөзіне қарағанда кадр саясаты мәселесіне де ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, антижемқорлық кеңесі заңға қайшы әрекет еткен қызметкерлерді жазалап, ал этикалық нормаларды сақтай отырып, адал жұмыс жасаған қызметкерлерді ынталандырылатынын алға тартқан болатын. Бүгінгі күні "Нұр Отан"ХДП депуттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң жобасын дайындап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!