«Қазақмыстың» басшылығы ауысады

Фотография - «Қазақмыстың» басшылығы ауысады

Бұл туралы компанияның баспасөз-қызметі хабарлап отыр.

290 0

«Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким 2013 жылдың мамыр айында өтетін акционерлер жиналысынан кейін орынтағын босатады. Бұл туралы компанияның баспасөз-қызметі хабарлап отыр.

Оның орнына соңғы бес жылда директорлар кеңесі жанындағы аудит бойынша комитетті басқарып келген Саймонт Хил келмекші.

Владимир Ким 2012 жылдың мамыр айында басшылықтан кететінін мәлімдеген еді. Кадрлық алмасулардан кейін ол директорлар кеңесінде мүшелігін сақтап, компаниядағы өз үлесін өзгертпейтінін алға тартты. Естеріңізге сала кетейік, Ким топтың ең ірі акционерлерінің бірі. Ол компания акциясының 25,7 пайызын иемденген.

Forbes журналының мәліметіне сәйкес 52 жасар Владимир Ким Қазақстандағы ең бай адамдардың қатарына жатады.

2012 жылы оның жеке дүние-мүлкі 3,5 млрд долларға бағаланған.


Тегтер:

"қазақмыс"

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!