Қазақстанда өзінің «911» қызметі пайда болады

Фотография - Қазақстанда өзінің «911» қызметі пайда болады

 ҚР Дін істері агенттігі жанындағы «Жедел желі» қазақстандық «911» қызметіне айналады.

209 0

 ҚР Дін істері агенттігі жанындағы «Жедел желі» қазақстандық «911» қызметіне айналады.

Бұл туралы ведомствоның басшысы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді, деп жазды бүгінгі санында «Алматы ақшамы» газеті.

«Бізде әлеуметтік тапсырыс бар. Оның аясында біз қажетті шараларды жасап жатырмыз. Жедел  желі «911» америкалық желіге ұқсас болмақ. Республикадағы 28 орталықтың барлығында бір телефон болуы тиіс. Біздің дін істері бойынша аймақтық департаменттерімізде де осы телефондар болады. Сол уақытта кез келген адам өзін толғандырған сауалдарды жолдап, оған жауап алатын болады. Шамамен осы үлгіде жұмыс атқармақпыз. Бұл мәселе әлі де талқыланатын болады», - деді Лама Шариф.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин жуырда ақпарат активімен кездесуінде радикалды діни бірлестіктерді анықтау үшін «жедел желіні» жолға қоюды тапсырған болатын.

Осыған орай агенттік төрағасы «жедел желіні» биыл іске қосу жоспарланып отырғанын да атап өтті.

«Мемлекеттік хатшының тапсырмасына сәйкес, біз «жедел желі» құру бойынша қажетті түзетулер енгізетін боламыз», - деп түйіндеді сөзін агенттік төрағасы.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!