Бас прокурор соттар шешімдері көп жағдайда қағаз жүзінде қалып қоятынына наразы

Фотография - Бас прокурор соттар шешімдері көп жағдайда қағаз жүзінде қалып қоятынына наразы

Бас прокурор Асқат Дауылбаев сот шешімдері көп жағдайда қағаз жүзінде қалып жатқандығына наразылығын білдірді.

192 0

ҚазАқпарат -  Бүгін Астанада өтіп жатқан атқарушылық өндіріс жүйесін жаңарту жөніндегі ҚР Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігінің ведомствоаралық жиналысында Бас прокурор Асқат Дауылбаев сот шешімдері көп жағдайда қағаз жүзінде қалып жатқандығына наразылығын білдірді.

Оның  айтуынша, бүгінде сот актілерінің жартысына жуығы ғана орындалады және қаржылық соманың аздаған бөлігі ғана өтелуде. Мәселен, 2012 жылы өтелуге негізделген 2 трлн. теңгеге жуық қаржының тек 82 млрд. теңгесі ғана немесе 5 пайызы өтелді.

«Атқарушылық өндіріс жұмысы тиімділігінің төмен деңгейі мәселесі түрлі тұғырлардан көтеріліп келеді. Бұл проблема экономикалық және әлеуметтік салдарға ие болып отыр»,-деді Бас прокурор.

Оның пайымдауынша, жыл сайын азаматтар көптеп әділдікті соттан іздеуде. Алайда, сот шығарған шешімдердің басым бөлігі қағаз жүзінде қалуда. Осы орайда, адамдар сот орындаушысының әрекетсіздігіне байланысты оларды сотқа беруге мәжбүр болып отыр.

А. Даулыбаевтың пікірінше, қалыптасқан жағдай аталған бағытта бірлескен іс-қимылдардың жаңа формалары мен әдістерін әзірлеуді қажеттілік етуде. Сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар айтарлықтай тиімді емес көрінеді.


Тегтер:

прокуратура

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!