Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтуде

Фотография - Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтуде

Астанада ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығының қабылдануына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиын басталды.

144 0

Астанада ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығының қабылдануына 18 жыл толуына арналған салтанатты жиын басталды.

Жиын қатысушылары Ассамблеяның 18 жыл ішіндегі жұмысын қорытындылап, мемлекеттік этносаясатты іске асырудың құралы ретінде этносаралық қатынастарды үйлестірудегі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ҚХА-ның рөлін талқылап, бірегей институттың Парламентте өкілдік ету тәжірибесін, ғылыми-сарапшылық кеңесінің, журналистер клубының және Ассамблеяның құрылымын нығайтуға бағытталған басқа да құрылымдарының қызметін таразылайды деп күтілуде.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер мен ҚХА-ның басқа да құрылымдары, этномәдени бірлестіктер, Ассамблеямен тығыз байланыста жұмыс істейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен өкілдері қатысуда.

Шара барысында ҚХА-ның ғалымдары дайындаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік этносаясат императивтері» мемлекеттік органдарға арналған талдау материалдары мен әдістемелік ұсынымдар жинағының таныстырылымы өтпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!