ҚР Елшісі Малта Республикасының Президентіне сенім грамотасын тапсырды

Фотография - ҚР Елшісі Малта Республикасының Президентіне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің міндетін қоса атқарушы Андриан Елемесов Мальта Республикасының Президенті Джордж Абелаға Сенім грамоталарын тапсырды

186 0

Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің міндетін қоса атқарушы Андриан Елемесов Мальта Республикасының Президенті Джордж Абелаға Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Мальтаның Президенті қазақстандық Елшіге жылы қошемет көрсетіп, Елшінің тағайындалуы қазақстандық-мальталық қатынастарға жаңа серпін беретініне және екі ел арасындағы іс жүзіндегі өзара іс-қимылдың сапасын көтеретініне сенім білдірді.

Тапсыру рәсімінен кейін болған сұхбат барысында Қазақстан Республикасы мен Мальта Республикасының арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың ахуалы мен болашағы талқыланды. Өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мен кеңейтуге, оны әртүрлі бағыттарда жеделдетуге үлкен мүмкіндіктің бар екені атап өтілді. А.Елемесов Мальта мемлекетінің басшысын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық табыстары, еліміздің халықаралық аренадағы бүгінгі жетістіктері, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы сыртқы саяси бастамалар туралы хабардар етті.

Екі жақты қатынастардың экономикалық құрамдас бөлігін талқылай келе, тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың көлемі салыстармалы түрде үлкен емес, алайда аталған байланыстарда оң серпін байқалатынын атап өтті. Тараптар туризмді дамыту, көлік- коммуникациялық салада байланыстарды кеңейту, Мальтаның  ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесін қолдану ынтымақтастықтың өзара тиімді салалары бола алатынына келісті. Екі жақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттілігі туралы келісімге қол жеткізілді.

Сол күні Мальта Парламентінің Төрағасы Майкл Френдомен кездесу өтіп, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптарды, өңірлік проблемаларды, қазақстандық-мальталық қатынастардың ахуалын талқылады. А.Елемесов елдеріміздің арасындағы парламенттік байланыстар жөніндегі депутаттық топты құру парламентаралық ынтымақтастықты жеделдетеді, ал әртүрлі салалардағы ынтымақтастық жөніндегі жаңа келісімдерді дайындау шарттық-құқықтық базаны нығайтады деп атап өтті. Сұхбаттасушылар парламентаралық диалогты дамытудың жолдарын белгілеп, екіжақты қатынастардың қалпын нақты бастамалармен толтыру қажеттігімен келісті.

Қазақстан Республикасының Елшілігі ұйымдастырған бизнес-форум Елшінің Мальтаға сапарының маңызды тармағы болды. Қазақстан Елшісі қатысушыларды қазіргі жағдай мен Қазақстан экономикасының болашағы, серпінді дамып жатқан ұлттық инновациялық әлеует, еліміздегі шетелдік бизнес пен инвестицияларға жасалып отырған жеңілдіктер туралы хабардар етті. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесін Астанада өткізуді дайындау аясында ауқымды жобалардың жүзеге асырылуына орай ашылып жатқан бизнес мүмкіндіктер ерекше атап өтілді. А.Елемесов мальталық бизнестің өкілдерін аталған форумды дайындауға белсенді түрде қатысуға шақырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!