Атырауда ақылы әскери курс ашылды

Фотография - Атырауда ақылы әскери курс ашылды

Атырау облысында әскери билет алғысы келетін жастарға арналған ақылы курс ашылды.

213 0

Атырау облысында әскери билет алғысы келетін жастарға арналған ақылы курс ашылды.

Енді бұрын әскер қатарында болмаған, 22-27 жас аралығындағы ер азаматтар 210 мың теңге төлеп, 24 күн бойы әскери казармада тұрып, сапта жүру мен дене жаттығуларына машықтанып, қарудан атуды және әскери техниканы жүргізуді меңгерген соң облыстық әскери басқармаға сынақ тапсыратын болады.

Сынақтан сүрінбей өткендерге әскери билет пен тиісті сертификат табыс етіледі, бірақ әскери шен берілмейді. Әскери билетке ие болғандар келісім-шарт бойынша әскери бөлімдерге, полиция мекемесі мен өртке қарсы күрес қызметіне жұмысқа орналаса алады деп хабарланды.

Қазақстан үкіметінің биыл ақпанда қабылдаған №118 қаулысына сәйкес жаңадан ашылған бұл курсқа ай сайын 30 тыңдаушы қабылдау жоспарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!