Ауғанстанға қолдау көрсету - біздің ұжымдық жауапкершілігіміз

Фотография - Ауғанстанға қолдау көрсету - біздің ұжымдық жауапкершілігіміз

Барлық ортаазиялық мемлекеттер Ауғанстанға қолдау көрсетуге тиісті, бұл біздің ұжымдық жауапкершілігіміз.

134 0

Барлық ортаазиялық мемлекеттер Ауғанстанға қолдау көрсетуге тиісті, бұл біздің ұжымдық жауапкершілігіміз.

Бұл туралы КТК телеарнасында «Халық қызметшісі» бағдарламасына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық іс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштерін шығару проблемасы және бұл елдің одан арғы тағдыры әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отыр. Біз таяуда ЕҚЫҰ экономикалық ассамблеясының қысқы сессиясында қатыстық. Онда көтерілген тақырыптардың бірі Ауғанстанның болашағы болды.  Ауғанстанда тұрақтылық болмайынша, ең алдымен көрші мемлекеттерде, Орталық Азияда тұрақтылық болмайды», - деді М.Әшімбаев.

Халық қалаулысы өз сөзінде Қазақстанның Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғандығына ерекше тоқталып өтті. Атап айтқанда, Қазақстан мың ауған студентін жоғары оқу орындарында оқыту міндеттемесін алып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтуде, аталған елде әлеуметтік нысандар салуда.


Тегтер:

ауғанстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!