Елбасы әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі

Фотография - Елбасы әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 7 наурызда әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі

242 0

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 7 наурызда әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі, деп хабарлады бүгінгі брифингте Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«Көктемгі алғашқы мереке– Халықаралық Әйелдер Күні қарсаңында, 7 наурыз күні, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей әйелдер қауымы өкілдерімен кездеседі.

Алтай Әбибуллаев ел Президентінің Қазақстан қоғамындағы әйелдердің орны мен мәртебесіне ұдайы баса назар аударып отыратын атап өтті. Елбасы әйелдердің отбасы мен мемлекеттің тірегі екендігіне айырықша атап мән беріп отырады.

«Біздің негізгі мақсатымыз – әйелдердің құқығын мен денсаулығын қорғау, оларды мемлекеттік және қоғамдық басқарудың барлық деңгейіне белсенді түрде тарту, сондай-ақ әйелдердің іскерлік белсенділігін ашуға барынша қолайлы жағдай жасау», – деді ОКҚ Ресми өкілі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!