Ә.Исекешев бастаған делегация Францияға барады

Фотография - Ә.Исекешев бастаған делегация Францияға барады

Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация Францияға жұмыс сапарымен барады

189 0

Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация Францияға жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«6-7 наурызда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары көзделген. Сапар аясында министрдің төрағалығымен Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысы өтеді», - деді ресми өкіл. Сонымен қатар Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінің отырысы және қазақстандық делегацияның Франция іскерлік топтары өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!