Атом электр стансасы Ақтауда салынуы ықтимал

Фотография - Атом электр стансасы Ақтауда салынуы ықтимал

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев Қазақстандағы атом электр стансасы Ақтауда салынуы мүмкін екенін айтты

134 0

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев Қазақстандағы атом электр стансасы Ақтауда салынуы мүмкін екенін айтты.

«Бұл станса Маңғыстау облысының Ақтау қаласында болуы ықтимал. Өйткені, онда персонал да және инфрақұрылым да сақталған»,-деп атап өтті ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте.

В. Шевелевтің сөзіне қарағанда, аталған станса реакторлардың базасында салынбақ.

«Атап айтқанда, халықаралық тендер жарияланып, барлық ұсыныстар қаралады. Тиісті тыңдаулар ұйымдастырылып, халықаралық сараптамалар жүргізіледі»,-деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!