А. Жұмағалиев: Салмақ өлшеудің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасы енгізілді

Фотография - А. Жұмағалиев: Салмақ өлшеудің автоматтандырылған жүйесінің пилоттық жобасы енгізілді

Кейбір көлік иелері  Астана қаласына  кіре  берісте , Қосшы  ауылы  маңында  және Жамбыл облысында (Мерке) орналасқан аркалық құрылғыларды  байқаған болар. Бұл аркалық құрылғылар – көлікті қозғалыс барысында  өлшеуге арналған  автоматтандырылған таразылар. Дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданылады және  тиімділігінің   өте жоғары екенін дәлелдеді

241 0

Кейбір көлік иелері  Астана қаласына  кіре  берісте , Қосшы  ауылы  маңында  және Жамбыл облысында (Мерке) орналасқан аркалық құрылғыларды  байқаған болар. Бұл аркалық құрылғылар – көлікті қозғалыс барысында  өлшеуге арналған  автоматтандырылған таразылар. Дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан қолданылады және  тиімділігінің   өте жоғары екенін дәлелдеді, деп жазады Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев өз блогында

         Бұзылған  жолдар  сапасыз  құрылыс  жұмыстарының   салдары ғана емес. Тіпті  ең сапалы  деген  магистральдің  өзі  артық  салмақ  тиеген ауыр жүк  көліктерінің  толассыз қозғалыс тегеурініне   шыдамайды.  Көліктік  бақылаудың  стационарлық  бекеттері  ауыр жүк көліктерінің  рұқсат  етілген салмақтан артық  жүк тасымалдауына  жол бермеуі тиіс.  Бірақ бұл бекеттердің  тиімділігі  аса жоғары емес.  Біріншіден,  олардың саны аз болуына байланысты  жүргізушілер бұл бекеттерді айналып өтеді. Екіншіден, адами фактор үлкен роль атқарады, бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа  жол берілуі  мүмкін.  Нәтижесінде артық салмақ тиеген көліктер еліміздің жолдарын әлі де бұзуда. Ал, мемлекет бұл жолдарды  бұзылған сайын жөндеп отырады. Сол себепті, заң  бұзушы тасымалдаушылармен  күресу жолдарын жаңа технологиялардың көмегімен түбегейлі  өзгерту жөнінде  шешім қабылдадық.

         Аталған таразылардың  жұмыс істеу принциптері   мынадай: арка арқылы артық салмақ тиеген жүк көлігі  өткен бойда, орнатылған  бұл  жүйе   заң бұзушылықты  автоматты түрде тіркеп, салынатын  айыппұл сомасы туралы  мәліметті   береді.  Таразыдан жасырын өту  немесе өлшенген салмақтың нәтижесін өзгерту мүмкін емес.

        Өлшеудің автоматтандырылған жүйесін қолдануды  регламенттеу  үшін біз көлік жөніндегі заң жобасына тиісті өзгертулер енгіздік.  Бұл заң жобасы  қазір Мәжіліс қарауында.

Ағымдағы  жылдың соңына  дейін 11, ал  2014 жылы – 18 автоматтандырылған  таразы орнатуды жоспарлап отырмыз. Болашақта  автожолдарды қайта  салу  және  күрделі  жөндеуден өткізу жобасын іске асыру аясында олардың санын  республикалық маңызы бар автожолдардың қарқындылығы  жоғары  учаскелерінде 80-ге  жеткізу көзделуде,  сонымен бірге,  барлық  стационарлық бекеттер жабылатын болады.

        Пилоттық жобаның  алғашқы  нәтижелері туралы  айтсам,  қаңтар, ақпан айында екі арка арқылы 2651 көлік өтсе, олардың 313 артық салмақ тиеген көліктер болып шықты.

       Жалпы  алғанда, бұл жаңашылдық артық салмақ тиеген көліктерге бақылауды  күшейтеді, көліктерді  себепсіз тоқтату фактілерін және заңды ұстанатын жүргізушілер мен инспекция қызметкерлерінің жүздесулерін   болдырмайды, деп жазылған министірдің блогында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!