2012 жылы еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша көрсеткішке қол жеткізе алмадық

Фотография - 2012 жылы еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша көрсеткішке қол жеткізе алмадық

Қазақстан өткен жылы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша көрсеткішке қол жеткізе алмады.

204 0

Қазақстан өткен жылы ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша көрсеткішке қол жеткізе алмады.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасының орындалу мәселесіне арналған Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Миинстрдің атап өтуінше, алдын ала мәліметтерге сәйкес 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл өнеркәсібі кешенінің жалпы қосылған құны 109 пайызға ұлғайған. Ал жоспар 103,9 пайыз болатын.

«Өткен жылы қуаңшылықтың салдарынан жалпы ауыл шаруашылығы өнімнің төмендегенін ескерсек, ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша көрсеткішке  қол жеткізе алмадық. Өткен жыл бойынша ол 3 мың АҚШ долларына болжанып отыр. Әлі нақты мәліметтер жоқ. Жоспар 4,2 мың АҚШ доллары болатын», - деді А.Мамытбеков.

Оның атап өтуінше, жалпы экспорттың көлеміндегі аграрлық сала экспортының үлесі жылдық жоспар бойынша 5,4 пайыз көлемінде белгіленген. Ал бұл көрсеткіш 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 3,4 пайызды құраған. «Бұл көрсеткіш бойынша да жоспарға қол жеткізбеу қаупі бар», - деді ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!