26 жасар әкім

Фотография - 26 жасар әкім

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босаған Сапар Ахметовтың орнына Алматы ауданының әкімі болып 26 жасар Павел Кулагин тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

191 0

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босаған Сапар Ахметовтың орнына Алматы ауданының әкімі болып 26 жасар Павел Кулагин тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

П.Кулагин Ақмола облысы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, Ломоносов атындағы ММУ және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы  Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Қостанай облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінде, Астана қаласының әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. Бұған дейін Астана қаласының Есіл ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. 

Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы болып 51 жастағы Манапхан Қансейітов тағайындалды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босаған Қуаныш Бейсенбиновты ауыстырды.

М. Қансейітов Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау совхозында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. Қазақ химия-технологиялық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.  

Өндірісте жұмыс істеген. Оқытушылық және ғылыми жұмыстармен айналысқан, техника ғылымдарының кандидаты. 2006 жылдан 2012 жылға дейін Алматы қаласының әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған.  2012 жылдың маусым айынан Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!