Батыс Қазақстанда күн қатты суытуы ықтимал

Фотография - Батыс Қазақстанда күн қатты суытуы ықтимал

Осыған орай БҚО төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге ескерту жариялады

478 0

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 6-7 наурыз күндері Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде ауаның температурасы 17-22 градус аязға дейін төмендейді.

Осыған орай БҚО төтенше жағдайлар департаменті тиісті мекемелерге ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында іс-шаралар қолға алынып, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар, электр және байланыс жүйелері бақылауға қойылды. Төтенше жағдайларды жоятын күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!