ҚР Республикалық ұланының жаңа қолбасшысы тағайындалды

Фотография - ҚР Республикалық ұланының жаңа қолбасшысы тағайындалды

Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

148 0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Сонымен бірге, Президент Жарлықтарымен:

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды;

Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметінен босатылды және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!