Мәртебелі мұғалім өмірден өтті

Фотография - Мәртебелі мұғалім өмірден өтті

 Танымал музыкант, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Түркістан Өзбеков 89 жасында көз жұмды.

238 0

 Танымал музыкант, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Түркістан Өзбеков 89 жасында көз жұмды. Түркістан Мақсұтұлы 1924 жылдың 25 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері.

1953 жылы Алматы мемлекеттік кон­серваториясын бітірген. 1953-1961 жыл­дары консерватория жанындағы арнаулы орта музыка мектебінің директоры, 1961-1963 жылдары Қазақстан Компартия­сы ОК-ның ғылым, мәдениет және оқу орын­дары бөлімінде нұсқаушы ретінде өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Сондай-ақ 1963-1964 жылдары Алматы музыкалық училищесінің директоры, 1964-1968 жыл­дары қазіргі А.Жұбанов атындағы дарын­ды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатының директоры болып тағайындалды. 1968-1976 жылдары Алматы консерваториясында декан әрі доцент, 1976-1984 жылдары Қазақ акаде­миялық опера және балет театрының ди­ректоры қызметтерін атқарған. І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Түркістан Өзбековтің қайтыс болуына байланысты А.Жұбанов атындағы дарын­ды балаларға арналған республикалық музыка мектеп-интернатының ұжымы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Ұстаз тәрбиелеген сан мың шә­кірті барда ұлағаты ұмытылмайтыны анық


Тегтер:

ұстаз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!