Жас прокурорларға арналған семинар өтті

Фотография - Жас прокурорларға арналған семинар өтті

Өткен жылы Алматы облыстық прокуратурасынан 81 адам қызметтен кеткен. 15 қызметкер   аттестациядан өтпей қалса, 10 маман өз еркімен өтініш жазған.

171 0

Өткен жылы Алматы облыстық прокуратурасынан 81 адам қызметтен кеткен. 15 қызметкер   аттестациядан өтпей қалса, 10 маман өз еркімен өтініш жазған.

Ал әр деңгейдегі прокуратура органдарында жұмыс атқарған 41 адам зейнеткерлікке шыққан.

Осы бос  қызмет  орындарына  толықтай жас мамандар қабылданды. Еліміздің жоғарғы оқу орындарында  заңгерлік  бойынша білім алған жастардың  теорияны тәжірибемен ұштастыруы барысында  бірқатар сауалдар туындайды. Сондықтан өңірдегі  прокуратура саласындағы  жас мамандар үшін семинар  өтті. Ата Заңның кейбір баптары және  күнделікті қабылданып жатқан Қаулылардың дұрыс орындалуы туралы кеңес берілді. Қазір облыстағы қадағалаушы орган саласындағы жас қызметкерлердің басым бөлігі аудандарда жұмыс істейді. Сондықтан жас прокурорлар үшін мұндай семинар-кеңестің мәні мен маңызы зор болмақ.

Ғабит МИРАЗОВ, Алматы облысының прокуроры:

- Қазіргі таңда біз Елбасының алға қойған тапсырмаларының барлығын жастарға түсіндіруіміз керек. Былтырғы жылы Елбасы Кодекстерге өзгерістер енгізуді тапсырған. Қазір соған өзгерістер енгізіліп жатыр. Ендігі жылдан бастап тапсырманы  дұрыс орындасақ, қаңтар айынан бастап ол күшіне енеді.  Сол себепті де алдын ала  сол Кодекске кіретін баптарды түсіндіруміз қажет.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!