Мәжіліс «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» заң жобасын мақұлдады

Фотография - Мәжіліс «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» заң жобасын мақұлдады

Парламент Мәжiлiсiнің депутаттары «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» ҚР Заңының жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.

225 0

Парламент Мәжiлiсiнің депутаттары «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» ҚР Заңының жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының негiзгi мақсаты – мемлекеттiк қызметтер көрсетудi заңнамалық реттеу, мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiне қойылатын бiркелкi талаптарды қамтамасыз ету, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер саласындағы мемлекеттк органдар өкiлеттiктерiнiң аражiгiн нақты ажырату, мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде оларды электрондық нысанда көрсету рәсiмдерiн жетiлдiру», - деп хабарлады заң жобасын ұсынған мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева.

Бұл заң жобасы 2013 жылғы 23-шi қаңтарда бiрiнші оқылымда мақұлданды. Жұмыс тобының заң жобасымен жұмыс iстеуi барысында депутаттар көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi алушылардың құқықтарын, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн нақты регламенттеудi белгiлеуге, ҚР үкiметiнiң және уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы құзыреттерiн айқындау жөнiндегi жаңа тарауды енгiзуге, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын, регламенттерiн және тiзiлiмiн әзiрлеуге, олардың мазмұнына қойылатын талаптарды нақтылауға бьағытталған түзетулердi енгiздi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметтер, оның iшiнде оларды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету процестерiн оңтайландыру мен автоматтандыру жөнiндегi ноталарды нақтылауға, мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау мен бақылау жүргiзу тәртiбiн нақтылауға, қоғамдық мониторинг жүргiзу және көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мен тәртiбi туралы хабардар ету жөнiндегi нормаларды жақсартуға бағытталған түзетулер де енгiзiлдi.


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!