Нұрсұлтан Назарбаев Чавестің қазасына көңіл айтты

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Чавестің қазасына көңіл айтты

Венесуэла президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев вице-президент Николас Мадуроға көңіл айту жеделхатын жолдаған

217 0

Ресми akorda.kz сайтының хабарлауынша, Венесуэла президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев вице-президент Николас Мадуроға көңіл айту жеделхатын жолдаған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың Уго Чавестің "мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды ерекше күйзеліспен қабылдағаны" айтылған.

"Уго Чавестің Венесуэланың жан-жақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ерекше қызметі тарихта өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі есімізде мәігі қалатынына сенімдімін" делінген көңіл айту хатында.

Назарбаев жеделхатта Уго Чавестің отбасы мен венесуэлалықтарға "қайғыра" көңіл айтқан.

Уго Чавес 5 наурызда қатерлі ісік сырқатынан көз жұмды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!