Челахтың қорғаушысы КТК телеарнасын сотқа бермек

Фотография - Челахтың қорғаушысы КТК телеарнасын сотқа бермек

 Адвокат Серік Сәрсенов КТК телеарнасының сотқа шағым түсірмек, өзінің ар-намысын қорғау мақсатында.

125 0

 Адвокат Серік Сәрсенов КТК телеарнасының сотқа шағым түсірмек, өзінің ар-намысын қорғау мақсатында. Бұл жайында қорғаушының өзі Total.kz сайтына мәлімдеген.

Сәрсеновтың мұндай қадамға баруына түрткі болған жайт – аталған телеарнаның ақпан айында эфирден таратқан ақпараты. Онда Челах ісіне қатысты сот ісінде «ерекше» мінезімен көзге түскен Сәрсеновты адвокаттық лицензиясынан айырды деп айтқан көрінеді. Алайда, заңгердің өзі бұл фактіні жоққа шығарып отыр.

Сәрсенов айып құнын 2 миллиард 640 миллион теңгеге (17,5 миллион АҚШ доллары) бағалауда. Бірақ, іске нақты кімнің жауап беру керектігін әлі анықтамаған. «Бәлкім хабарлар мен ақпараттар бөлімінің басшылығы жауап берер. Мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды мұқият қарап шығамын» дейді қорғаушы.

Дегенмен, С.Сәрсенов соттан жеңіп шығатынына толық сенімді емес. «Маған соттың шешімі керек. Бәрібір де әділ шешімнің шықпайтынын білемін. Ертең БҰҰ-ға барған кезде Қазақстанның соты әділетсіз деп айту үшін керек» деді ол. Ал, егер сотта жеңе қалған жағдайда, түскен қаражаттың барлығын Алматыдағы жетімдер үйінің біріне қайрымдылық ретінде беретіндігін мәлімдеді.


Тегтер:

челах

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!