Тегін таратылып жүрген 200-дей діни әдебиет тәркіленді

Фотография - Тегін таратылып жүрген 200-дей діни әдебиет тәркіленді

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ауыл ауылды аралап, діни әдебиеттерді тегін таратып жүрген миссионерлер ұсталды.

165 0

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ауыл ауылды аралап, діни әдебиеттерді тегін таратып жүрген миссионерлер ұсталды.

Олар елімізде заңды түрде тіркелмеген «Евангелия христиан-баптистері» діни бірлестігінің өкілдері болып шықты. Бейтаныс адамдарды байқаған Ақжайық ауданы, Коловёртное ауылының тұрғындары бірден аудандық Ішкі істер бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары 12 адамды ұстады. Олардың екеуі көршілес Ресей Федерациясының Свердлов және Орынбор облысынан келген азаматтар  болып шықты. Араларында қаракөз қандастарымыз да бар. Ұсталғандардан 20 шақты атаумен шыққан 200-дей діни әдебиет тәркіленді.

Гүлшат МОЛДАҒАЛИЕВА, БҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Ұсталған 12 күдіктінің екеуі Ресей Федерациясының азаматы болса, қалғаны 25-67 жас аралығындағы Орал қаласының тұрғындары. Қазіргі уақытта аталған діни кітаптар сот сараптамаға жіберілді. Әкімшілік материал аудандық прокуратураға жіберілді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!