1322

ҰҚК төрағасының орынбасары ауысты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында хабарланғандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев Самат Әбіш пен Нұрғали Білісбековті комитет төрағасының орынбасарлары етіп тағайындаған.
Фотография - ҰҚК төрағасының орынбасары ауысты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында хабарланғандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев Самат Әбіш пен Нұрғали Білісбековті комитет төрағасының орынбасарлары етіп тағайындаған.

ҰҚК төрағасының бұған дейінгі орынбасары Өсер Мизанбаев ҰҚК-нің Қостанай облыстық департаменті басшысы болып тағайындалған.

35 жастағы Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 2006-2009 жылдары әділет министрлігі, ҰҚК-де түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2011 жылдың қарашасынан бері комитеттің Астана қалалық департаментінің бастығы болды.

Загрузка...