Қазақстанда 260 әйел - әкім

Фотография - Қазақстанда 260 әйел - әкім

Елбасы  Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы»  Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

99 0

 Қазақстанда 260 әйел әкім болып жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы»  Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.

«Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік басқару саласындағы қызметшілердің 55 пайызы - әйелдер. Бұл мемлекеттік басқару саласында 50 мыңнан астам әйел жұмыс істейді дегенді білдіреді. 260 әйел - аудан, ауылдық округ әкімі. Парламент Мәжілісінің қазіргі құрамында өткен Парламентпен салыстырғанда әйелдер қатары 2,5 есе артты. Барлық депутаттық корпустың 24 пайызын әйелдер құрайды. Бұл тіпті әлемдік рейтингте де өте жоғары көрсеткіш», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткізілген кезектен тыс аттестаттау қорытындысында әйелдер барынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін баса айтты. «Шен таққан ерлер өздерін ең басты санаған еді, дегенмен әйелдер үздік шықты», - деді ҚР Президенті.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!