Бас прокурор Словакиядағы сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді

Фотография - Бас прокурор Словакиядағы сапары барысында бірқатар кездесулер өткізді

ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев жұмыс сапарымен Словакия Республикасына барып, Словакия Бас прокурорының міндетін атқарушы Ладислав Тихиймен және Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковскаямен кездесті

284 0

ҚР Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев жұмыс сапарымен Словакия Республикасына барып, Словакия Бас прокурорының міндетін атқарушы Ладислав Тихиймен және Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Моника Янковскаямен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесу барысында тараптар екі жаққа мүдделі жан-жақты, атап айтқанда, қылмыстылықпен күрес саласындағы мәселелерді талқылады. Осыған орай, екіжақты қатынасқа қосымша серпін беретін Қылмыстық істер бойынша Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа жақын арада қол қойылу мүмкіндігі туралы мәселелер келіссөздің маңызды тақырыбы болды. Л.Тихий мемлекеттің халықаралық құқықтық саясатын жүзеге асырудағы Қазақстан прокуратурасының рөлін жоғары бағалай отырып, Словакияның Бас прокуратурасы аталмыш Шартқа жақын арада қол қойылуына және оның әрі қарай жүзеге асырылуына бар күш-жігерін салатындығы туралы ілтипатын білдірді.

Ал Әділет министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесу барысында сұхбаттасушылар заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі әлемнің қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет жөніндегі күш-жігерлерін ұйымдастыру мәселелері бойынша мүдделі ынтымақтастықтың жалғасуына ниетті екендерін растады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!