«Бесоба» ісі бойынша сотталған В. Иванов апелляциялық шағым берді

Фотография - «Бесоба» ісі бойынша сотталған В. Иванов апелляциялық шағым берді

«Бесоба» ісі бойынша сотталып, рақымшылыққа іліккен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Виктор Иванов апелляциялық шағым берді.

167 0

«Бесоба» ісі бойынша сотталып, рақымшылыққа іліккен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Виктор Иванов апелляциялық шағым берді.

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының хатшысы Дулат Әубәкіров мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 6 наурызында сотталушы В. Ивановтан апелляциялық шағым түсті. Қазіргі уақытта сотқа «Бесобаға» байланысты істің басқа  сотталушыларынан апелляциялық шағым мен қарсылық білдірулер түскен жоқ», - деді ол.

Облыстық соттың апелляциялық алқасы әзірге В. Ивановтың шағымын қарау күнін атамай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-дегі 5 қабатты үйдің 4-кіреберістік блок-секциясы опырылып түсті. Бұл үй үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған еді. Бұған дейін аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын. Апатты үйден 138 адам көшірілді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен үйге ТЖ тәртібі енгізілді.

Үйдің опырылып құлауы фактісімен құрылысшыларға, жобалаушыларға, мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізген қызметтік тұлғаларға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарлары Виктор Иванов пен Сергей Грибенщиков, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьев қамауға алынды. Айыпталушылар тергеу барысында рақымшылыққа іліккен болатын.

Бұл үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісімен қылмыстық істі тергеуде. Алданған жұрттың ақшаларын жымқырған компанияның басшысына іздеу жарияланды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!