Жастар көшеде қыз-келіншектерді құттықтады

Фотография - Жастар көшеде қыз-келіншектерді құттықтады

«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Бірде-бір әйел назардан тыс қалмауы керек» деген ұранмен павлодарлық қыз-келіншектерді көшеде жүріп құттықтады.  

181 0

«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері «Бірде-бір әйел назардан тыс қалмауы керек» деген ұранмен павлодарлық қыз-келіншектерді көшеде жүріп құттықтады.

Мерекенің ажарын аша түсу үшін жастар жүздеген қызғалдақ гүлдерін сатып алып, мейрамға дайындықпен  қарбаласта жүрген әйелдерге сыйға тартты. Жастар алдымен «арулар шуақты мерекеде нені қалайды» деген әлеуметтік сауалнама жүргізген. Көпшіліктің қалауы қызғалдақ гүлдеріне түскен екен.

Светлана ОКАЛИНА, колледж  мұғалімі:

- Ер азаматтарға мың алғыс, әйелдердің барлығын құттықтап жатыр деп ойлаймын. Оларға  зор алғыс айтамыз. Бәріне денсаулық, бақытты өмір, барлық жақсылық тілейміз.

Дархан ЖОЛАМАНОВ, жастар ұйымының белсендісі:

- Ана болашақ ұрпақ тәрбиелеуші ұлағатты жан. Сондықтан аналарымызға, апаларымызға қарындастарымызға осындай шаттық күнде зор денсаулық ашық аспан тілей отырып, бүкіл Павлодар облысының жастар ұйымдары атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймыз.

 


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!