Асхат Дауылбаев Брно қаласында Чехияның Бас прокурорымен кездесті

Фотография - Асхат Дауылбаев Брно қаласында Чехияның Бас прокурорымен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Брно қаласына іссапары барысында Чехияның Бас прокуроры Павел Земанмен кездесті.

318 0

Кеше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Брно қаласына іссапары барысында Чехияның Бас прокуроры Павел Земанмен кездесті.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар ведомствоаралық өзекті мәселелер жөнінде, атап айтқанда, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласында пікір алмасу орын алды.

Чехияның Бас прокуроры қазіргі уақыттағы дүниежүзілік қауіп-қатерлермен күрестегі бірлескен күш-жігердің одан әрі нығаюының өзектілігін атап өтті. Осыған орай, ол қылмыстылықпен күрес саласындағы екі елдегі қолданылатын тәжірибемен егжей-тегжейлі танысу үшін мамандармен алмасуға дайын екендігін білдірді.


Тегтер:

прокуратура

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!