Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықтың екіжылдық жоспарын қабылдады

Фотография - Қазақстан мен Беларусь сыртқы істер министрліктері ынтымақтастықтың екіжылдық жоспарын қабылдады

Астанада Қазақстан-Беларусь сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтті

152 0

Астанада Қазақстан-Беларусь сыртқы істер министрліктерінің кезекті консультациялары өтті.

Ведомствоның хабарлауынша, тараптар екіжақты өзекті мәселелерді, сондай-ақ екі мемлекеттің Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі іс-қимылдарын талқылады.

«Консультациялардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жобасына қол қойылды», - делінген хабарламада.

Аталмыш іс-шараның барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Ордабаевтың және Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары А.Михневичтің басшылығымен қос ел делегацияларының келіссөздері болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!