Павлодарда жолда қалған көліктерге көмек көрсетілуде

Фотография - Павлодарда жолда қалған көліктерге көмек көрсетілуде

Павлодар облысында боранның соғып тұрғанына екі күн болды.

98 0

Павлодар облысында боранның соғып тұрғанына екі күн болды.

Салдарынан жол көктайғаққа айналған. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар қызметі 150-дей адамға көмек көрсетті. Мәселен, 7 наурызда Екібастұз құтықарушылары Қарағанды жолында қалып қойған 2 автобус, 21 жүк көлігі мен 7 жеңіл көлікті және Шідерті кентінде жолаушы автобусында болған  50 адам құтқарды. Ал олардың  оны – балалар. Сонымен қатар наурыздың 8-інде  Ақтоғай аумағының жолында 12 автокөлік құтқарылды. Олардың ішінде 30 адам болған. Ондаған елдімекен қар құрсауында қалып отыр. Төтенше жағдайлар қызметі халықты күн ашылмайынша, алыс жолға шықпауға кеңес береді.


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!