Қазақстан азаматшасы екі баласымен бірге Сириядан аман-есен көшірілді

Фотография - Қазақстан азаматшасы екі баласымен бірге Сириядан аман-есен көшірілді

Қазақстанның Иордания мен Сириядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды  шиеленіс аймағынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

174 0

Қазақстанның Иордания мен Сириядағы Елшілігі қазақстандық азаматтарды  шиеленіс аймағынан қауіпсіз жерге көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

9 наурыз күні таңертең Астанаға ҚР азаматшасы Марина Бардеева екі баласымен (Сюзан Халед 1999 ж, Язан Халед 2009 ж.) бірге аман-есен оралды. Бұған дейін қазақстандық азаматша сириялық Ракка провинциясынан сирия-түрік шекара учаскесі арқылы қауіпсіз жерге көшірілген еді. Одан әрі қазақстандық дипломаттар отандасын «Урфа-Ыстамбұл-Киев-Астана» әуебағдарымен елге аттандырды.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі М.Бардееваның 2012 жылы  отбасымен тұрған Ракка провинциясындағы жағдай тұрақталады деген үмітпен Қазақстаннан Сирияға қайтып оралғанын хабарлайды. Алайда ағымдағы жылдың наурызында Сирияның солтүстік-шығысындағы жағдай күрт шиеленісті, осыған байланысты М.Бардеева Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінен көмектесуді сұрады.

Шиеленіс аймағында қазақстандық азаматтар әлі де бар. ҚР-дың Иордания, Түркиядағы Елшілігі оларға көмек көрсету бағытындағы тиісті  іс-шараларды атқаруда.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!