Қазақстанның Бас мүфтиі Түркия Дін істері басқармасының өкілін қабылдады

Фотография - Қазақстанның Бас мүфтиі Түркия Дін істері басқармасының өкілін қабылдады

Ибраһим мырза өз кезегінде Түркиядағы атқарған және Қазақстанда атқаратын жұмысы жайында сөз етті.

164 0

Дінбасы Ержан Маямеров Түркия Дін істері басқармасының Қазақстандағы өкілі Ибраһим Йылмаз мырзаны қабылдап, оған ҚМДБ-ның қызметі мен болашақ жоспарлар туралы айтып берді.

Ибраһим мырза өз кезегінде Түркиядағы атқарған және Қазақстанда атқаратын жұмысы жайында сөз етті.

ҚМДБ мәліметтеріне қарағанда, ортақ әңгімеге екі ел арасындағы діни байланыс, діни достық пен әріптестік мәселесі, Түркістан мен Алматыда, сондай-ақ еліміздің басқа да қалаларында Түркия қаржысымен салынған мешіттер және басқа да мәселелер өзек болды. Әсіресе Түркістанда салынуы жоспарланған мешіт құрылысын жалғастыруды қолға алу жайы да сөз етілді.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істері басқармасы арасындағы діни ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімшарт негізінде атқарылатын мәселелер талқыланып, өкіл қаперіне салынды. Түркиялық қонақ Бас мүфти, Ержан хазіреттің пікіріне қосылып, аталған мәселелерге көңіл бөліп, оларды шешуге өз тарапынан үлес қосатындығы жайлы мәлімдеді.


Тегтер:

дінбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!