Сенат Төрағасы Әзірбайжан Елшісін қабылдады

Фотография - Сенат Төрағасы Әзірбайжан Елшісін қабылдады

Қайрат Мәми Әзірбайжан Республикасының Елшісі Закир Ариф оглы Гашимовты қабылдады.

114 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Әзірбайжан Республикасының Елшісі Закир Ариф оглы Гашимовты қабылдады.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясындағы өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.

Әзірбайжан жағы Қазақстан өкілдеріне ағымдағы жылғы 16-17 сәуірде Бакуде өтетін «ТМД мұсылмандары бейбітшілік пен тұрақты даму үшін» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақыруды табыс етті.

Елші, сондай-ақ, биылғы тамыз айында Әзірбайжан астанасында өткізілуі жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің Саммитіне әзірлік жайында әңгімеледі.


Тегтер:

қайрат мәми

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!